Туризм мамандығы студенттерін оқытудағы STEM-технологиялар

Авторлары

  • Амандык Копбосын Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
  • Дәурен Әлікен Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_28

Түйін сөздер:

STEM-білім, туризм, инновациялық технологиялар, цифрландыру, геоақпараттық жүйелер, тұрақты туризм, гибридті менеджер.

Аннотация

Мақалада туризм мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің оқу үдерісіне STEM-технологияларды (Science, Technology, Engineering, Mathematics) енгізудің ерекшеліктері қарастырылды. Экономиканың цифрлануы мен жаһандану жағдайында туризм саласы жаңа буын мамандарын – пәнаралық білім мен цифрлық құзыреттерге ие кәсіби кадрларды даярлауды талап етеді. STEM-тәсілді қолдану студенттердің аналитикалық ойлау қабілетін, үлкен деректермен жұмыс істеу дағдыларын, геоақпараттық жүйелерді меңгеруін, сондай-ақ туризм қызметінде виртуалды және толықтырылған шындық технологияларын пайдалану қабілеттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ерекше назар STEM-білім беруді Қазақстан жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына интеграциялау мәселесіне аударылды. Бұл кәсіби даярлық сапасын арттыруға және түлектердің халықаралық еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге ықпал етеді. Мақалада сондай-ақ жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық базасының жеткіліксіздігі мен оқытушылардың біліктілігін арттыруға қажеттілігіне байланысты STEM-технологияларды енгізудің негізгі қиындықтары мен болашағы талданды. Зерттеу нәтижесінде STEM-тәсіл мен дәстүрлі оқыту әдістерінің синтезі туризм индустриясының инновациялық дамуына бейімделген, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті «гибридті менеджер» мамандарды қалыптастыруға мүмкіндік беретіні анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЯРЛАУ