Түркістан облысындағы шағын қалалар туристік брендін қалыптастыру факторларын бағалау
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-18-26Түйін сөздер:
туристік брендинг, шағын қалалар, аумақтық брендинг, дестинацияны басқару, сапалық зерттеу, өңірлік туризмді дамыту, туризмді цифрландыруАннотация
Аталған зерттеу жұмысында Түркістан облысындағы шағын қалалардың (Сарыағаш және Шардара) туристік брендін қалыптастыру факторларын бағалау мәселелері қарастырылады. Мақаланың мақсаты – туристік дестинациялардың бірегей ерекшеліктерін анықтау және олардың туристік имиджін арттыруға ықпал ететін негізгі факторларды кешенді бағалау негізінде туристік брендті жетілдіру моделін ұсыну. Зерттеу әдістемесі ретінде 20 респонденттен (туристер, жергілікті тұрғындар, туристік кәсіпкерлік субъектілері) алынған жартылай құрылымдалған сұхбат әдісі қолданылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Сарыағаш және Шардара қалаларының емдік-сауықтыру және рекреациялық-жағажай туризмі үшін әлеуеті жоғары болғанымен, инфрақұрылым мен цифрландыру деңгейінің жеткіліксіздігі туристік брендтің тиімді дамуын шектейді. Зерттеу аясында шағын қалалардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, бірегейлікке негізделген, цифрландыруды дамыту, қызмет сапасын жақсарту және туристік қызмет түрлерін әртараптандыруды қамтитын «4D туристік бренд моделі» ұсынылды. Зерттеу нәтижелері өңірлік деңгейде туристік брендті қалыптастыруды стратегиялық жоспарлау барысында қолданылуы мүмкін.