Журнал туралы
Журнал туралы
Баспа басылымы "Туризм, демалыс және қонақжайлылық" ғылыми-теориялық журналы мерзімді ғылыми басылым болып табылады
Журналдың құрылтайшысы және шығарушысы - "Қазақ спорт және туризм академиясы".
Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде есепке қойылды-2022 жылғы 15 желтоқсандағы № KZ26VPY00061350 куәлік.
Журналда Қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарының ғалымдары, профессор-оқытушылық құрамы, докторанттары мен магистранттарының әлеуметтік, гуманитарлық, жаратылыстану ғылымдарының өзекті мәселелері бойынша жазған іргелі, қолданбалы және пәнаралық зерттеу нәтижелері жарияланады.
Журналда туризм, демалыс және қонақжайлылық саласының өзекті мәселелері жайлы жазылған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің нәтижелері келесі бағыттар бойынша жарияланады:
- Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру
- Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері
- Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіптік білім
- Әлемдегі және Қазақстандағы экскурсиялық және өлкетану қызметі
- Әлемде және Қазақстанда туризмнің белсенді түрлері
- Мәдени мұра және туризм: тұрақты өзара әрекеттесу мүмкіндіктері
Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланады.