Сарыағаш ауданы туризмінің кластерлік дамуының өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсері
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-50-58Түйін сөздер:
туристік кластер, санаторий-курорттық туризм, өңірлік даму, бюджеттік тұрақтылық, сценарийлік талдауАннотация
Мақалада Сарыағаш ауданының туристік саласының қалыптасуы мен дамуының ерекшеліктеріне кешенді талдау жүргізіледі және оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпалы қарастырылады. Туристік қызметтің халықты жұмыспен қамту деңгейіне, сервистік инфрақұрылымның дамуына, сондай-ақ жергілікті бюджеттің кіріс бөлігінің қалыптасуына әсері бағаланады. Ресми статистикалық деректерді талдау негізінде санаторий-курорттық туризм аумақтың орнықты дамуын қамтамасыз ететін негізгі бағыттардың бірі ретінде негізделеді. Зерттеуде институционалдық, инвестициялық және инфрақұрылымдық жағдайларды ескере отырып, Сарыағаш ауданының туристік кластерін орта мерзімді кезеңде дамытудың ықтимал траекторияларын айқындауға мүмкіндік беретін сценарийлік тәсіл қолданылады. Туристік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өңірдің бюджеттік тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен жеке сектор бастамаларының үйлесімділігінің маңыздылығына ерекше назар аударылады.