Жасанды интеллект құралдарының «Tуризм» білім беру бағдарламасы білім алушыларының оқу белсенділігі мен ынтасына әсері
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-81-95Түйін сөздер:
білім берудегі жасанды интеллект, білім алушылардың оқу мотивациясы, «Туризм» білім беру бағдарламасы, цифрлық білім беру технологиялары, білім алушылардың ынтасы, жекелендірілген оқыту, эмпирикалық педагогикалық зерттеуАннотация
Мақала «Туризм» білім беру бағдарламасы білім алушыларының оқу белсенділігі мен мотивациясына жасанды интеллект құралдарының әсерін зерттеуге арналған. Зерттеудің мақсаты – жасанды интеллект технологияларын қолданудың білім алушылардың оқу үдерісіне қатысу деңгейіне, танымдық белсенділігіне және оқу нәтижелеріне ықпалын эмпирикалық тұрғыда бағалау. Зерттеу әдіснамасының негізін ғылыми әдебиеттерге талдау, Likert шкаласын қолдану арқылы жүргізілген сауалнама (n=107), сондай-ақ бір академиялық семестр көлемінде өткізілген педагогикалық эксперимент құрайды. Зерттеу нәтижелері жасанды интеллект құралдарын пайдалану оқу белсенділігінің артуына, ішкі оқу мотивациясының күшеюіне және білім алушылардың өзіндік жұмыс дағдыларының дамуына ықпал ететінін көрсетті. Likert шкаласы бойынша орташа көрсеткіш 4,48 балды құрап, білім алушылардың интеллектуалды цифрлық құралдарды қолдануға оң көзқарасын дәлелдейді. Жасанды интеллект технологиялары жекелендірілген оқыту мүмкіндігін кеңейтіп, жедел кері байланыс алуға жағдай жасайды және туризм саласы бойынша кәсіби құзыреттерді қалыптастыру тиімділігін арттырады. Зерттеу нәтижелері жоғары білім беру жүйесінде жасанды интеллект құралдарын енгізудің ғылыми-әдістемелік негізін кеңейтіп, туризм индустриясы мамандарын даярлау үдерісінде цифрлық технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.