1913 жылы Верный қаласында өткен ауыл шаруашылығы иелерінің облыстық съезі экскурсиялық көрсету нысаны ретінде

Авторлары

  • Владимир Проскурин Халықаралық ақпараттандыру академиясы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-107-115

Түйін сөздер:

тарихи-мәдени мұра, өлкетану зерттеулері, экскурсиялық қызмет, мұрағаттық және мемуарлық дереккөздер, Верный қаласының тарихы

Аннотация

Мақалада 1913 жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) өткен ауыл шаруашылығы иелерінің облыстық съезіне қатысты тарихи оқиғалар қазіргі экскурсиялық қызметте пайдалану тұрғысынан қарастырылады. Туристерге арналған ақпараттық материалды дайындау кезінде экскурсиялық мазмұнның шынайылығына, сондай-ақ архивтік және музейлік дереккөздерге жүгіну қажеттілігіне ерекше назар аударылады. Мақала авторлары ХХ ғасырдың басындағы Алматы қаласының (Верный) дамуына байланысты тарихи-мәдени материалды талдауды оны экскурсиялық және өлкетану қызметінде пайдалануға бейімдеуді мақсат етіп, мұрағаттық құжаттарды, тарихи дереккөздер мен өлкетану материалдарын талдау әдістерін, сондай-ақ оларды жүйелеу мен экскурсиялық тәжірбиеде бейімдеуді қолданды. Зерттеу нәтижесінде ХХ ғасырдың басындағы Верный қаласының қоғамдық, экономикалық және мәдени өмірінің көрінісі қайта құрылды, бұл экскурсиялық маршруттардың мазмұнын кеңейтуге және олардың танымдық құндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Алынған материалдар туристік ұйымдардың тәжірбиелік қызметінде және білім беру үдерісінде пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-30

Шығару

Бөлім

Әлемдегі және Қазақстандағы экскурсиялық және өлкетану қызметі