Қызылорда облысында емдік-сауықтыру туризмін дамыту: табиғи емдік ресурстар мен инфрақұрылымның әлеуетін бағалау және дамудың тұжырымдамалық моделі
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-69-82Түйін сөздер:
емдік-сауықтыру туризмі, санаторийлік-курорттық туризм, табиғи емдік ресурстар, минералды сулар, туристік инфрақұрылым, рекреациялық әлеует, Қызылорда облысыАннотация
Әлемде емдік-сауықтыру туризміне сұраныстың артуы Қазақстан өңірлерінің табиғи-рекреациялық әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығын күшейтуде. Осы тұрғыдан алғанда, табиғи емдік ресурстарға бай Қызылорда облысының әлеуетін зерттеу өзекті болып табылады. Зерттеудің мақсаты – Қызылорда облысында емдік-сауықтыру туризмін дамытудың әлеуетін кешенді бағалау. Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттерді талдау, статистикалық, салыстырмалы және табиғи-ресурстық талдау, SWOT-талдау және жүйелік талдау әдістері қолданылды. Аймақтың табиғи емдік ресурстары, сондай-ақ санаторийлік-курорттық инфрақұрылымның жағдайы және туристік ағын динамикасы бағаланды. Нәтижесінде өңірдің емдік-сауықтыру туризмін дамытуға жоғары әлеуетке ие екендігі анықталды. Дегенмен оның толық іске асырылуына инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, көлік қолжетімділігінің төмендігі, білікті кадрлардың тапшылығы және маркетингтік ілгерілетудің әлсіздігі кедергі келтіреді. SWOT-талдау нәтижелері мен халықаралық тәжірибе негізінде өңірдің бәсекеге қабілетті емдік-сауықтыру туристік өнімін қалыптастырудың кезеңдік тұжырымдамалық моделі ұсынылды. Зерттеудің практикалық маңызы табиғи емдік ресурстарды сертификаттау, инфрақұрылымды жаңғырту, туристік қызметтерді цифрлық ілгерілету және өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар әзірлеуде көрінеді.