Байқоңырдағы ғарыштық ұшыру туризмі және цифрландыру Қазақстанның қонақжайлылық секторын стратегиялық дамыту бағытында

Авторлары

  • Айтолкын Тлеубаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Сымбат Шакиров Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Арна Қожаназар Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті
  • Ерлан Рсалдин Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Асан Амангельдиев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-2-31-45

Түйін сөздер:

қонақжайлылық секторы, Қазақстан, Байқоңыр, цифрландыру, ғарыштық ұшыру туризмі, орналастыру орындары, дестинацияны басқару

Аннотация

Зерттеудің өзектілігі Қазақстанның қонақжайлылық секторын цифрлық трансформация және ұлттық бірегей ресурстарға негізделген мамандандырылған туристік өнімдер арқылы әртараптандыру қажеттілігімен айқындалады. Мақаланың мақсаты - Байқоңырдағы ғарыштық ұшыру туризмі мен цифрландырудың Қазақстанның қонақжайлылық секторын стратегиялық дамытудағы рөлін бағалау. Зерттеу 2011-2025 жылдардағы ресми статистикалық деректерге, ғылыми әдебиеттерге, салалық материалдарға және ғарыштық ұшыруларға қатысу жөніндегі құжатталған мәліметтерге негізделген сипаттамалық-талдамалық кабинетілік зерттеу ретінде жүргізілді. Нәтижелер Қазақстанның орналастыру секторында оң серпін бар екенін көрсетті: 2025 жылы 4 482 орналастыру орны 10 087,1 мың келушіге қызмет көрсетіп, біржолғы сыйымдылығы 232,9 мың төсек-орынды құрады. Сценарийлік бағалаулар консервативті болжамдар жағдайында Байқоңырдағы ғарыштық ұшыруларға ұйымдастырылған қатысу жылына 5 000-12 500 келушіні тартуы мүмкін екенін көрсетті. Зерттеудің ғылыми жаңалығы қонақжайлылық дамуын, цифрлық құралдарды және Байқоңырдағы ғарыштық ұшыру туризмін біртұтас талдамалық шеңберде қарастырумен сипатталады. Практикалық маңыздылығы инфрақұрылымды жаңғырту, келушілерді цифрлық басқару, қауіпсіздік талаптарын реттеу және қазақ қонақжайлылығы дәстүріне негізделген туристік өнімдерді дамыту бойынша ұсыныстарда көрініс табады.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Шығару

Бөлім

Экономика, жоспарлау, туризм мен қонақжайлылықты ұйымдастыру

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають