Алғаш жүріп өтушілердің ізімен (ХІХ – ХХ ғғ. басындағы Жетісудағы алғашқы археологиялық ашылымдар туралы)
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-2-45-56Түйін сөздер:
Жетісу, Н.Н. Пантусов, тибеттік буддизм, эпиграфика, арасан, өлкетанулық туризмАннотация
Мақалада зерттеу жұмыстары ХІХ ғасырда басталып, бүгінге дейін жалғасып келе жатқан, XVII–XVIII ғғ. тибеттік буддизмның екі монументальды ескерткішінің ашылу және зерттелу тарихы қарастырылады. Бетінде нақышталған бейнелері мен жазулары бар «Текелісай стеласы» (Келіншектас тасы) XVII ғасырдың соңымен мерзімделетін, Жоңғар мемлекетінің өмір сүру кезеңінде Жетісуда пайда болған ең алғашқы діни ескерткіштердің бірі. «Кеген арасаны» – емдік минералды бұлақ, XVII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың ортасында ойрат-буддистердің табыну орны болған, кейін қазақ халқының мәдениетіндегі киелі орынның маңызына ие болды. Екі ескерткіштің де ғылыми зерттелуінің басталуы белгілі шығыстанушы және әуесқой археолог Н.Н. Пантусовтың (1847-1909) есімімен байланысты.