Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі туристік нысандардың аңыз әңгімелерінің экскурсиядағы рөлі

Авторлары

  • Назым Омарова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Айгерим Тульбаева Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Динара Нурмуханбетова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Нургалипа Джиенкулова Райымбек батыр атындағы орта мектеп, Жетісу облысы

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-3-37-45

Түйін сөздер:

азия скифтері, Ошақтас, Айғай құм, Алтынемел, аңыздар

Аннотация

Бұл мақалада Жетісу өңіріндегі туристік нысандардың аңыз әңгімелерінің экскурсияда алатын ерекшелігі туралы сипатталған. Әсіресе, Жоңғар Алатауының бойында орналасқан «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі туралы жазылған. Яғни, бұл ұлттық парктегі туристік нысандар туралы жеке-жеке тоқталған. Әрбір туристік нысандардың өзіндік ерекшеліктері туралы анық жазылған. Туристік нысандарды зерттей отырып, олардың шығу тарихына қатты көңіл бөлген. Атап айтқанда олардың шығу тарихындағы аңыз әңгімелерін сипаттаған. Осы аңыз әңгімелер арқылы турисік нысандарды келетін туристерге жеткізіп, қызықтыруға болатыны туралы сипатталған. Мысалға: Ошақтас кезінде жауынгерлерге арнап тамақ жасаған ошақ екені туралы, Бесшатыр қорғандары сақ тайпасының ханшайымы Томириспен байланысын, Айғайқұмнан шығатын дыбысты әртүрлі аңыздарға байланыстырып айтуын қарастырып өткен. Жалпы туған жеріміздегі әрбір туристік нысандарды аңыз әңгімелер арқылы бүкіл әлемге паш етсек, елімізді танытуға мүмкіндіміз өте зор екені осы ғылыми мақалада көрсетілген.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-12-27

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Омарова, Н., Тульбаева, А. ., Нурмуханбетова, Д., & Джиенкулова, Н. (2023). Алтынемел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіндегі туристік нысандардың аңыз әңгімелерінің экскурсиядағы рөлі. Туризм, демалыс және қонақжайлылық, 3(3), 37–45. https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-3-37-45

Шығару

Бөлім

Әлемдегі және Қазақстандағы экскурсиялық және өлкетану қызметі