Жамбыл облысындағы оқиғалық туризмді дамыту аясында қызғалдақтар фестивалінің маңызы
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-2-45-53Түйін сөздер:
қызғалдақ фестивалі, оқиғалық туризм, Жамбыл облысы, жабайы қызғалдақтар, материалдық емес мәдени мұраАннотация
Бүкіл әлемде оқиғалық туризм өте танымал. Миллиондаған спорт жанкүйерлері, әртүрлі фестивальдардың әуесқойлары, көрнекті әртістердің жанкүйерлері олардың сұранысына жауап беретін іс-шараларға қатысу мақсатында жер шарын аралайды. Осыған байланысты, келуші және ішкі туристерді тарту мақсатында Қазақстанның облыстарында экзотикалық сипаттағы өңірлік брендтерді айқындау қажет, олардың негізінде оқиғалық туризмді дамыту мүмкін болады. Бұл мақала Жамбыл облысындағы қызғалдақ фестивалінің оқиғалық туризмді дамыту үшін маңыздылығын зерттеуге арналған. Тек Қазақстаннан ғана емес, бүкіл әлемнен туристер мен зерттеушілерді тартатын табиғи мекендейтін жабайы қызғалдақтардың алуан түрлілігін зерттеуге ерекше назар аударылады. Фестивальдің Орталық Азия өңіріндегі биоалуантүрлілікті сақтау проблемасына әлемдік қоғамдастықтың назарын аударуға әсері талданады. Республиканың өңірлік туристік бренді бола алатын жабайы өсетін қызғалдақтар, түрлі фестивальдар өңірдің туризмі мен экономикасының тұрақты өсуіне ықпал етеді, ал оқиғалы туризмнің дамуы елдің материалдық емес мәдени мұрасын жандандыруға серпін береді деген қорытынды жасалды.