Шетелдік туристер үшін қазақ асханасының идеалды мәзірін қалыптастыру: жергілікті халықтың қалауы және Қазақстандағы гастрономиялық туризмнің перспективалы дестинциялары

Авторлары

  • Урманбек Тагманов Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Улема Шевки Сакарья қолданбалы ғылымдар университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-1-47-54

Түйін сөздер:

мәзір, жергілікті тағамдар, қазақ аспаздық мәдениеті, жергілікті халық, гастрономиялық туризм

Аннотация

Бұл зерттеу жергілікті халықтың Қазақстанда гастрономиялық туризм мақсатында барғысы келетін орындары және тағамдары мен сусындарын анықтау үшін жүргізілді. Зерттеу Қазақстанның гастрономиялық туризм дестинацияларын айқындауға маңызды үлес қосады деп болжануда. Осы орайда, Қазақстанда тұратын 421 жергілікті тұрғын арасында интернет сауалнама қолданылып зерттеу жүргізілді. Алынған деректерді талдау нәтижесінде, идеалды қазақ асханасының мәзірі жергілікті тұрғындар арқылы шетелдік туристерге ұсынылуы мүмкін екені анықталды, мысалы, салқын бастамалардан «қазы», сорпалардан «ет сорпасы», негізгі тағамдардан «ет асу», ыстық бастамалардан «бауырсақ», тәттілерден «ірімшік» және сусындардан «қымыз». Қазақ асханасы туралы айтылғанда, алғашқы ойға келетін тағамдардан «ет асу», сусындардан «қымыз», тәттілерден «жент». Қазақстандағы гастрономиялық туризм үшін жергілікті тұрғындар ең көп баруды қалаған географиялық аймақ Оңтүстік Қазақстан аймағы болды. Осы нәтижелерге сүйене отырып, туризм саласындағы кәсіпорындар, тамақтану кәсіпорындары, аспаздар мен зерттеушілерге пайдалы ұсыныстар береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Tagmanov, U., & Şevki, U. (2025). Шетелдік туристер үшін қазақ асханасының идеалды мәзірін қалыптастыру: жергілікті халықтың қалауы және Қазақстандағы гастрономиялық туризмнің перспективалы дестинциялары. Туризм, демалыс және қонақжайлылық, 8(1), 47–54. https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-1-47-54

Шығару

Бөлім

Туризм және қонақжайлылық саласында кәсіптік білім