Алакөл жағалауында рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеу

Авторлары

  • Айман Есенгабылова І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Еркин Токпанов І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Мырзабай Джетимов І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
  • Жанибек Тулеубаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-74-86

Түйін сөздер:

рекреациялық туризм, туристік инфрақұрылым, тұрақты даму, табиғи-емдік ресурстар, экотуризм, туристік аудандастыру, әлеуметтік-экономикалық әсер

Аннотация

Мақала Қазақстанның ең тартымды туристік бағыттарының бірі – Алакөл жағалауында рекреациялық туризмді дамытудың тиімді тетіктерін әзірлеуге арналған. Жергілікті билік пен бизнес өкілдері тұрақты туристік инфрақұрылымды қалыптастыру процесінде кездесетін өзекті мәселелер, сондай-ақ туристерді тарту және қызмет көрсету сапасын жақсарту мүмкіндіктері қарастырылады. Жұмыста аймақтың туризм саласындағы қазіргі тенденциялары мен проблемалары, соның ішінде инфрақұрылымдық кемшіліктер, маусымдық және экологиялық қиындықтар талданады. Авторлар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, бизнес пен қоғамдастық өкілдерінің өзара әрекеттесуінің тиімді тетіктерін құру бойынша нақты ұсыныстарды, сонымен қатар аймақты маркетинг пен жылжытудың инновациялық тәсілдерін ұсынады. Ұсынылған стратегияларды талдау негізінде өңірдегі рекреациялық туризмді тұрақты дамыту үшін негізгі бағыттар айқындалды, бұл жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өңірдің ішкі және халықаралық туристік нарықтағы тартымдылығын арттыруға ықпал етеді. Қорытындылай келе, мақалада мемлекеттік органдарға, жергілікті қоғамдастықтарға және жеке секторға Алакөл жағалауында рекреациялық туризмнің тұрақты дамуына ықпал ететін кешенді стратегияны құру бойынша ұсыныстар жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері