Soft туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесі және оны қазақстанда бейімдеу

Авторлары

  • Балдырган Онаева Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Обиджон Хамидов Бухара мемлекеттік университеті
  • Айдар Муканов Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-102-114

Түйін сөздер:

soft туризм, тұрақты туризм, халықаралық тәжірибе, бейімдеу стратегиясы, экотуризм, кластерлік модель, мәдени-танымдық туризм

Аннотация

Мақалада авторлар soft туризмді дамытудың халықаралық тәжірибесін қоршаған ортаға әсерді азайтуға, мәдени мұраны сақтауға және жергілікті қауымдастықтарды тартуға бағытталған туристік қызметтің тұрақты үлгісі ретінде қарастырады. Қоршаған ортаны қорғау, мәдени және білім беру жобаларында soft туризм қағидаттарын белсенді қолданатын Швейцария, Жаңа Зеландия, Жапония және тағы басқа елдердің сәтті тәжірибесі зерттеледі. Бұл тұжырымдаманы Қазақстанның табиғи және мәдени әртүрлілігін ескере отырып, оның жағдайына бейімдеуге ерекше назар аударады. Мақалада салыстырмалы әдістер арқылы ұлттық парктерде экотуризмді дамыту, этномәдени бастамаларды қолдау мақсатында Қазақстанда soft туризмді енгізу мүмкіндіктері талданады. Негізгі қиындықтар, соның ішінде инфрақұрылымның жоқтығы, туристер арасындағы хабардарлықтың төмен деңгейі және жергілікті тұрғындарды оқыту қажеттілігі анықталады. Авторлар зерттеу негізінде жауапты туризм және табиғатқа жанашырлықпен қарау қағидаттары арқылы Қазақстанның бірегей табиғи және мәдени мұрасын сақтай отырып, оның туристік тартымдылығын арттыруға көмектеседі деп тұжырымдайды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері