Қазақстандағы ерекше қажеттілігі бар жандар үшін туризмнің қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-4-17-25Түйін сөздер:
инклюзивті туризм, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, қолжетімді орта, туристік инфрақұрылым, әлеуметтік инклюзияАннотация
Бұл мақалада Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін туризм саласының қазіргі жағдайы мен даму үрдістерін талдауға арналған. Зерттеу барысында иклюзивті туризмнің теориялық негіздері, халықаралық тәжірибе және ұлттық деңгейдегі құқықтық және институционалдық база қарастырылды. Туристік инфрақұрылымның қолжетімділігін бағалауға, қызмет көрсету сапасы мен туристік қызметке ерекше мұқтаждықтары бар адамдардың қатысуын шектейтін кедергілерге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ инклюзивті ортаны қалыптастыруға әсер ететін әлеуметтік-экономикалық және мәдени аспектілерге талдау жасалды. Жұмыс барысында COVID-19 пандемиясының және цифрландырудың аталған саланың дамуына әсері талқыланады. Қазақстанда инклюзивті туризмді дамыту кадрларды жеткіліксіз даярлаумен, нормативтік-құқықтық базаның фрагменттілігімен және инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділіктің төмендігімен тежелетіні айқындалды, алайда цифрландырудың күшеюі, халықаралық бастамалар және өсіп келе жатқан әлеуметтік сұраныс жағдайды жақсарту үшін елеулі әлеует жасайды. Алынған нәтижелер туризмнің қолжетімділігін арттыру жөніндегі мемлекеттік саясат пен бағдарламаларды әзірлеу кезінде, сондай-ақ кешенді реформалар мен сектораралық өзара іс-қимылдың қажеттілігін растай отырып, орнықты және инклюзивті туристік өнімдерді қалыптастыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.