Ашық қолжетімділік саясаты

Журнал ғылыми білімнің еркін таралуы және халықаралық ғылыми алмасуды дамыту қағидатына сәйкес өз материалдарына ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Журналда жарияланған барлық мақалалар Creative Commons Attribution 4.0 International (CC BY 4.0) лицензиясының шарттарына сәйкес таратылады:
https://creativecommons.org/licenses/by/4.0/
Аталған лицензия автор(лар)ды және жарияланған дереккөзді міндетті түрде көрсете отырып, материалдарды еркін оқуға, көшіруге, таратуға, пайдалануға және бейімдеуге мүмкіндік береді.
Авторлар өз жұмыстарына авторлық құқықты сақтайды және журналға мақаланы алғаш жариялау құқығын береді.
Журнал жарияланған материалдарға қол жеткізу үшін ақы алмайды. Мақалалардың толық мәтіндері жарияланған сәттен бастап тегін қолжетімді.