Мақалаларды ресімдеуге қойылатын жаңа талаптар

2024-10-12

Құрметті авторлар,

Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз - ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне енгізу үшін (ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 14.06.2024 № 295 бұйрығы) Ғылыми басылымдарға қойылатын талаптардың 4-тармағына сәйкес, ғылыми мақаланың құрылымына өзгерістер енгізілді (атауы, аңдатпасы, түйінді сөздері, кіріспесі, материалдары мен әдістері, нәтижелері, талқылауы,  қорытындысы, туралы ақпарат (бар болса), әдебиеттер тізімі). Барлық авторлардан мақаланы өткізу  кезінде жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес материалға көрсетілген бөлімдерді қосуды сұраймыз.

Құрметпен, журнал редакциясы