Спортқауіпсіздігің қамтамасыз ету
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_1_10Түйін сөздер:
спорт қауіпсіздігі, спорттан туындайтын қауіп-қатер, спорт қауіпсіздігің қамтамасыз етуАннотация
Қауіпсіздік мәселесесі қазіргі заманғы ғаламдық проблема бола отырып, әлемдегі ең маңызды позициялардың бірі болып саналады. Қауіпсіздік мәселесін адам өмірінің әр түрлі қауіп-қатер туындайтын салаларынан қарастыруға болады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі заманғы спорт түрлеріне төнетін қиындықтар мен қауіп-қатерлерді зерттеу мен талдауда, халыққа спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсетуге және ірі халықаралық спорттық іс-шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған нысандар мен спорттық ғимараттарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеуде. Осы әлеуметтік-экономикалық қызметтің ерекшеліктеріне негізделген спорттық жарыстар жарақаттармен, қауіп-қатерлермен және тәуекелдермен үздіксіз байланысты және бұл тек кәсіби және экстремалды спорт түрлеріне ғана емес, сонымен қатар спорттық-сауықтыру бағдарламаларына да қатысты. Экстремалды жағдайларды айтпағанда, жаттығулардағы қарапайым мінез-құлық ережелерін білмесеңіз, фитнес пен дене тәрбиесі де жағымсыз салдарға әкелуі мүмкін.