Студент-спортшыларды ЖОО-да оқытудың кейбір аспектілері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_3_72Түйін сөздер:
Студент-спортшы, университетте оқу, іске асыру факторлары, спорттық жетістік.Аннотация
Мақалада қазіргі заманғы студенттік спортты дамыту проблемаларының бірі – білікті студент-
спортшылардың сақталуы мен ЖОО-да оқу жағдайында олардың спорттық әлеуетін іске асыру
арасындағы қайшылықтарды шешу қарастырылады.
Бронский Е.В.а, Лебедева В.И., Семенова М.В.
Павлодарский педагогический университет, г. Павлодар, Республика Казахстан
ISSN 2306-5540 (Print) Теория и методика физической культуры. №3(69) 2022 73
ISSN 2788-8894 (Online)
Бронский Е.В. и др.
Спортпен айналысуды тоқтату себептерін анықтау үшін 1-4 курстың 175 оқушысынан сұхбат алынды.
ЖОО-да оқу кезеңінде жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізудегі негізгі факторларды анықтау
мақсатында сауалнамаға «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 1-4 курс
47 студент-спортшысы қатысты (спорт шеберіне кандидаттар – 28, спорт шеберлері – 12, ҚР
халықаралық сыныптағы спорт шеберлері – 7). Респонденттердің сауалнамасын талдау кезінде
рейтинг әдісі және тікелей бағалау әдісі қолданылды. Білікті спортшы-студенттердің сауалнамасын
талдау негізгі факторларды анықтауға және ЖОО-да оқу кезеңінде жоғары спорттық нәтижеге қол
жеткізудегі олардың маңыздылығын анықтауға мүмкіндік берді. Негізгі факторлар және олардың
маңыздылық дәрежелері келесідей бөлінді: 1 – туризм және спорт басқармасы; 2 – шығарушы
кафедра, профессорлық-оқытушылық құрам; 3 – олимпиадалық резервтің мамандандырылған
балалар мен жасөспірімдер мектебі, жоғары спорт шеберлігі мектебі; 4 – оқу-жаттығу процесін
медициналық-биологиялық сүйемелдеу; 5 – отбасы; 6 – деканат; 7 – Мәдениет және спорт
министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті. Студент-спортшылардың контингентін сақтау
және ЖОО-да оқу кезеңінде олардың спорттық әлеуетін іске асыру көптеген факторларды
ескергенде ғана мүмкін болады.