Қазақстан Республикасындағы футбол индустриясы нысандарын басқарудағы талдауы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2022_4_16Түйін сөздер:
спортты басқару, футбол, футбол индустриясы, Федерация, лига, клуб, мектепАннотация
Осы мақалада, қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының футбол индустриясы объектілері – футбол федерациялары, футбол лигалары, клубтар, мектептер мен академиялар бөлінген зерттеу нәтижелері келтірілген. Олардың арасындағы өзара іс-қимылдар талданды, проблемалық аймақтар айқындалды және оларды өзгерту, дамыту және нығайту бойынша ұсыныстар берілді. Зерттеу барысында Халықаралық футбол федерациялары (ФИФА және УЕФА) және басқа да ұлттық футбол федерациялары бөлген Қазақстан Республикасының футбол индустриясы объектілері мен сыртқы объектілер арасындағы өзара іс-қимылға талдау жүргізілді. Өңірлердегі футболды дамыту мен қолдау бойынша халықаралық федерацияларылардың көптеген мүмкіндіктері қаралды, атап айтқанда мұндай мүмкіндіктер Қазақстан Республикасында, ұлттық құрама және кәсіби клубтар деңгейінде, балалар мен жасөспірімдер деңгейінде және бұқаралық футболда іске асыру үшін ұсынылды.