СПОРТТЫҚ ТАҒАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ФИТО-ҚЫШҚЫЛСҮТ ҚЫЗМЕТТІК ТАҒАМДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ӨНДІРУ БОЛЖАМДАРЫ.
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_1_60Түйін сөздер:
спортшы, қышқыл сүт тағамдары, спорттық тамақтану, өсімдік коспалары, қазақтың ұлттық қышқыл - сүт өнімдері.Аннотация
Спорттық мақсаттағы мамандандырылған қызметтік тағамдардың өндіріс әдісі бойынша арзан отандық рецептураларының болмауы, спорттық тамақтануды күмәнді әсерімен шетелден импорттауға әкеледі. Импорттық өнімдерді пайдалану спортшылардың тамақтануын ұйымдастыру тұжырымдамасының болмауына байланысты жүйелі әсер етпейді. Сондай-ақ, тамақтануда тек дәстүрлі тағамдар мен өнімдерді қолдану спортшылардың барлық тағамдық қажеттіліктерін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді. Осыған байланысты фито-қоспалармен байытылған спорттық мақсаттағы қышқыл сүт қызметтік тамағамдарды өндіру технологиясын әзірлеу спорттық медицинадағы ғылыми зерттеулердің маңызды өзекті бағыты болып табылады. Біз қазақтың ұлттық қышқыл-сүт тағамдары мен өндіріс тәсілдері негізінде мамандандырылған қызметтік тамақтану рецептурасын әзірлеуіміз ьт- ас өнеркәсібіндегі аса маңызды тәжірибелік және әлеуметтік маңызы бар жаңашыл бағыт болып табылады.