200 метрлік брасс тәсілімен Әлемдік рекордты орнатқан спортшылардың жеке шаптаңдық-күштілік қасиеттерін талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_3_43Түйін сөздер:
жүзушінің шаптаңдық-күштілік қасиеті, жүзудегі жарыстағы іс-әрекеті, брасс тәсілімен жүзуАннотация
Мақалада 200 метрлік брасс тәсілімен әлемдік рекордты орнату бойынша жарыс кезіндегі жүзу техникасы ерекшіліктерінің ауқымы келтірілген. Берілген арақашықтықта әлемдік рекордты орнатқан спортшының жарыстағы іс-әрекетінің негізгі жетістігі - есу ұзындығын ұстап тұру және арақашықтық бойы есу қарқынын арттыра білуінде. Бекітілген арақашықтық бойы жоғары шапшаңдықты дамытудың басты факторы ретінде есу жиілігін ұстап тұра алу және бір циклде барынша ұзақ арақашықтықты игере алу қабілеті есептелінеді. Жүзушінің арақашықтықтың екінші жартысында шаптаңдық-күштілік қасиетін айқындай білу ерекшелігі үлкен жетістік болып табылады. Берілген арақашықтық әлемдік элитаның жарыстық қызметінің 20 факторы бойынша біз нақ осы арақашықтықтың екінші жартысында шаптаңдық-күштілік қасиетінің жоғары деңгейін көрсете білу қабілеті әлемдік рекорд орнатудың басты факторы болып табылатындығын айқындадық. Сәтті жарыс қызметін жүзеге асыру үшін жүзушінің жаттығу үрдісі бойынша жүйелі түрде сараптама жүргізіп отыру қажет. Жүргізілген сараптама мәліметтерін спортшылар даярлаудың түрлі кезеңдерінде қолданысқа енгізуге болады.