Жоғары білікті балуандардың психофизиологиялық жағдайын бақылау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_3_35Түйін сөздер:
бақылау, психофизиологиялық жағдай, жоғары білікті балуандарАннотация
Зерттеудің мақсаты жоғары білікті балуандардың психофизиологиялық жағдайын бақылау әдістерін апробациялау болды. Психофизиологиялық атқарымдардың жағдайын бағалау үшін "Мультсихометр -05" психодиагностика кешені қолданылды. 44 жоғары білікті спортшы тексеруден өтті (Украинаның 5 еңбек сіңірген спорт шебері, Украинаның халықаралық дәрежедегі 17 спорт шебері, Украинаның 22 спорт шебері). Оқу-жаттығу жиынында жоғары білікті балуандардағы психофизиологиялық жағдайдың динамикасын зерттеу ширыққан бұлшықет белсенділігі нәтижесінде пайда болатын эмоционалды шаршаудың болуын көрсетті. Оқу-жаттығу жиыны аяқталған кезде балуандарда шаршаудың салдарынан мазасыздану деңгейінің жоғарылауы анықталды. Бұл жағдай мазасыздықтың психикалық көрінісіне айналуы мүмкін және спортшыларда ақпаратты қабылдау және өңдеу қабілетінің нашарлауымен бірге жүруі мүмкін. Алынған нәтиже балуандардың психофизиологиялық жағдайын зерттеудің қолданылған әдістерінің ақпараттылығы мен сезімталдығын және осы әдістемелік кешенді ағымдағы бақылау қажеттіліктері үшін қолдану мүмкіндігін көрсетеді.