Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы студенттердің қозғалыс белсенділігін талдау
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_3_20Түйін сөздер:
қозғалыс белсенділігі, студенттер, жоғары оқу орындары, дене шынықтыруАннотация
Мақалада студент жастардың қозғалыс белсенділігінің мәнін зерттеуге қатысты әдеби дереккөздерді теориялық талдау бойынша деректер және Қазақстанның түрлі жоғары оқу орындарындағы студенттердің қозғалыс белсенділігін зерттеудің жеке нәтижелері көрсетіледі. Студенттердің дене шынықтыру және спорт бойынша жоғары оқу орындарында оқу үдерісін ұйымдастыруға қанағаттануы, студенттердің дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығы, студенттердің пікірі бойынша апталық циклде дене шынықтыру сабақтарының қажетті кезеңділігі сияқты сипаттамалар айқындалды. Зерттеу барысында студенттердің денесінің құрамы мен дене салмағының индексі сияқты физиологиялық сипаттамалары анықталды. Зерттеу негізінде жоғары оқу орындарының режимінде көптеген университеттердің қозғалыс белсенділігі жетіспейді және бұл кемшілік студенттердің денсаулығына теріс ықпал етеді деген қорытынды жасауға болады