Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболы: қазіргі жағдайы және даму тенденциялары

Авторлары

  • Ерлан Қайратұлы Адамбеков Абая атындағы Қазақ ұлттық педагогиқалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_140

Түйін сөздер:

балалар-жасөспірімдер футболы, Қазақстан, тәжірибе, қазіргі жағдай, үрдістер, тұрақты даму

Аннотация

Бүгінгі таңда жалпы футбол, атап айтқанда балалар мен жасөспірімдер футболы-танымал спорт түрі ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда айтарлықтай қарқынды дамып келе жатқан тұтас әлеуметтік – мәдени құбылыс. Елімізде балалар спортын дамыту мен жетілдіруде мемлекеттік саясат пен жеке сектор маңызды рөл атқарады. Бұл мақала осы сектордың жинақталған тәжірибесін түсіну және болашақта оның дамуының өзекті бағыттарын анықтауға негізделген. Инклюзивті спортты қоса алғанда, қазіргі заманғы қазақстандық балалар-жасөспірімдер футболының қазіргі жай-күйін, даму үрдістері мен бағыттарын зерттеу контекстінде отандық тәжірибе мен шет елдердің тәжірибесінен материалдар пайдаланылды. Бұл материалдар Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболының ең өзекті даму тенденцияларын анықтауға мүмкіндік береді. Мақалада зерттеудің ретроспективті, сипаттамалық және аналитикалық әдістері қолданылады. Сонымен қатар, қарастырылып отырған бағыттағы отандық және шетелдік басылымдарды аналитикалық өңдеу зерттелетін мәселенің мәнін нақтырақ көрсетуге мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2023-06-21

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Адамбеков, Е. К. (2023). Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдер футболы: қазіргі жағдайы және даму тенденциялары. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 72(2), 140–145. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_140

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ