«Дене шыңықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_2_6Түйін сөздер:
зерттеушілік құзыреттілігі, дене шынықтыру, проблемалық оқыту, жобалық әдіс, сауалнамаАннотация
Ұсынылған жұмыста «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы бойынша студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі қарастырылған. Мақалада қазақстандық және шетелдік ғалымдардың психологиялық-педагогикалық әдебиеттеріне талдау жасалды. А.А. Карманов «Мақсат – құрал – нәтиже» және SPSS Statistics көмегімен мәліметтердің сандық талдауы жүргізілді. Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдістерін анықтау мақсатында экспериментке Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің 3 курсының 69 студенті қатысты. Зерттеу жұмысында университеттің «Ғылыми-зерттеу қызметі және академиялық жазу негіздері» компоненті пәнінің материалдары берілген. Дәрістер мен практикалық сабақтарда авторлар студенттердің зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастырудың ең тиімді әдістері ретінде проблемалық оқыту әдісін мен жобалар әдісін қолданды. Эксперименттік деректер болашақ дене шынықтыру мұғалімдерін негізгі және пәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру үшін ғылыми-зерттеу процесіне қосу қажеттілігін растайды.