Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің «бейнесін» қалыптастырудағы маңызы
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_3_17Түйін сөздер:
дене шынықтыру, бейне, мұғалім, құзыреттілік, сезімталдық.Аннотация
Мақалада болашақ дене шынықтыру мұғалімдер бейнесінің құзыреттілігін қалыптастыруға арнайы дайындалған білім беру бағдарламасы дәстүрлі түрлерінен басқа бейнелік құзыреттілікті қалыптастыру бойынша оқу үрдісінің тәжірибесінде бірқатар инновациялық білім беру технологиялары қолданылып, олардың нәтижесін «эмпатикалық» тестілеу көмегімен оңтайлы нәтижесіне қол жеткізілгені айқындалды. Болашақ дене шынықтыру мұғалімінің бейнелік құзыреттілігі - тұлғаның жеке тәжірибені өзіндік жобалауының және өзіндік жетілдіруінің күрделі жүйесін көрсететін, бастамашылдықты, ұтқырлықты, адамның өмірлік сүйіспеншілігін, жұмыс істеу мен жаңашылдыққа деген ұмтылысты, басқалармен тұрақты, үйлесімді қарым-қатынас құрудың тиімді әдістері мен құралдарын меңгере отырып, өзінің кәсіби шеберлігін табысты жүзеге асырыуын басқара білуге дайындығы. Бұлардың барлығы осы сала бойынша келешек маманның бойындағы кәсібилік қасиеттің негізін құрайды.