Денені оңалту жүйесінде инновациялық әдістерді қолдану ерекшеліктері (тірек – қимыл қозғалысында ақаулығы бар балалар тәжірибесінде)
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_3_58Түйін сөздер:
инновациялық әдіс, денені оңалту, денені оңалту жүйесі, тірек-қимыл қозғалысында ақаулық бар балалар, емдік дене шынықтыру, бейімделген дене шынықтыру.Аннотация
Бұл зерттеу денені оңалту жүйесінде инновациялық әдістерді қолдану ерекшеліктерін сипаттауға арналған. Зерттеу жүргізу кезінде денені оңалту мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне теориялық талдау жүргізілді. Отандық және шетелдік ғылыми еңбектерді талдау негізінде, тиімді қолданыс тапқан инновациялық әдістерге талдау жасалынды, оларды атап өтер болсақ (емдік дене шынықтыру, бейімделген дене шынықтыру әдістері, кондуктивті педагогика). Бірілген инновациялық әдістерді қолданудың өзіндік әдістемелік ерекшеліктеріне тоқталып, бұл әдістердің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілді. Содай ақ, бұл әдістермен жұмыс жасауға қабілетті мамандардың сапасын арттыру мәселелеріне тоқталып, арнайы диагностикалық әдістер арқылы зерттеуге қатысқан 3-18 жас аралығындағы балалармен тест жүргізіліп, алғашқы медициналық бақылау жүргізілді. Содан соң көрсетілген инновациялық әдістер негізінде алты ай көлемінде әр бала жасы мен жеке ерекшелігін ескеріп бағдарламалар негізінде арнайы жаттықтыру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесіндегі өзгерістерге сипаттама жасалынды. Алынған нәтижелерге сай қорытынды тұжырымдар жасалынды.