Білікті бапкер Әбдісалан Нұрмахановтың ғылыми-педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие процесіне ендірудің әдістемесі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2023_4_14Түйін сөздер:
бокс, жаттықтырушы, ғалым, ұстаз, спорт, отансүйгіштік.Аннотация
Бұл мақалада қазақ халқының даңқты боксшысы, білікті бапкер, кемеңгер ғалым Әбдісалан Нұрмахановтың ғылыми-педагогикалық мұрасын оқу-тәрбие процесіне ендірудің әдістемесі жан-жақты қарастырылады. Мемлекет басшысының «Еліміздің дамуына еңбек сіңірген ұлы тұлғаларымызды дәріптеуіміз керек», - деген сөзін басшылыққа алып, қазақ спортының дамуына, қазақ боксының әлемдік деңгейден көрінуіне өлшеусіз үлес қосқан Ә. Нұрмахановтың тұғырлы тұлғасын өскелең ұрпаққа таныстыру мақсатында ЖОО-да «Әбдісалан әлемі» атты арнаулы курс ұйымдастырылды. Курс Халықаралық туризм және меймандостық, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеттерінің базасында өткізіліп, оған 1-курс студенттері тартылды. Курс барысында білім алушылар Ә. Нұрмахановтың өнегелі ғұмырымен, спорттағы және бапкерлік қызметтегі жетістіктерімен, жас спортшыларды дайындауға бағытталған ғылыми еңбектерімен танысты. Жастардың спорт тақырыбындағы білімдерін жетілдіруге арналған арнайы сұрақтар дайындалып, олардың бойында Отансүйгіштік қасиетті дарытуға бағытталған арнайы бағдарлама жасалды. Ә. Нұрмахановтың үздіксіз жүргізген ғылыми-шығармашылық жұмыстарының нәтижесінде шығарған құнды кітаптары талданып, насихатталады. Сонымен қатар, зерттеу жұмысында Ә. Нұрмахановты мәңгілік есте қалдыруға бағытталған тың идеялар мен ұсыныстар қарастырылады.