Болашақ дене шынықтыру мұғалімдеріне бейресми білім беруді ұйымдастыру

Авторлары

  • Шолпан Жанболатовна Алимова Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті
  • Алия Амангельдиновна Жакиенова Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_20

Түйін сөздер:

бейресми білім, академиялық құзыреттілік, дене тәрбиесі, жаппай ашық онлайн курс, педагогикалық эксперимент.

Аннотация

Бұл мақалада болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің академиялық құзыреттілігін дамыту үшін Coursera платформасында жаппай ашық онлайн курстарды ұйымдастыру талқыланады. Бұл жұмыста студенттерінің бейресми білім беру ресурсы ретінде жаппай ашық онлайн курстары ұсынылған. Зерттеудің мақсаты – студенттердің оқу үлгерімін арттыру және академиялық құзыреттілігін дамытудағы жаппай ашық онлайн курстардың тиімділігін анықтау. Авторлар әдебиеттерге шолу және талдау, бейресми білім беру курстарының мазмұнын талдау және педагогикалық эксперимент деген теориялық және эмпирикалық әдістерді пайдаланды. Мақалада бақылау және эксперимент топтарын салыстыру үшін SPSS Statistics 27.0 бағдарламасы және параметрлік емес Mann-Whitney U-тесті сияқты математикалық статистика әдістері қолданылды. Педагогикалық экспериментке Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-4 курсында оқитын 70 студент қатысты. Эмпирикалық деректер Coursera платформасында студенттерге арналған 5 жаппай ашық онлайн курстарды ұйымдастыру нәтижелері бойынша жиналды. Зерттеу нәтижесінде авторлар Coursera платформасында ұсынылған жаппай ашық онлайн курстар эксперименталды топтың оқу үлгерімін 11,4%-ға арттырғанын анықтады. Бұл факт болашақ дене шынықтыру мұғалімдеріне өздерінің академиялық құзыреттілігін дамыту үшін алған дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-03-25

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Alimova , S. Z. ., & Zhakienova, A. A. (2024). Болашақ дене шынықтыру мұғалімдеріне бейресми білім беруді ұйымдастыру. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 75(1), 20–26. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_20

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ