Әбдісалан Нұрмахановтың ғылым, спорт және бапкерлік қызметтегі жетістіктері арқылы жастарды патриотизмге тәрбиелеу
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_1_82Түйін сөздер:
бокс, жаттықтырушы, ғалым, жаттығу, намыс, спорт, ғылым, жеңімпаз.Аннотация
Бұл мақалада бокстан тұңғыш КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан он дүркін Қазақстан чемпионы, Халықаралық дәрежедегі төреші, даңқты боксшы, білікті бапкер, ғалым-ұстаз Әбдісалан Нұрмахановтың өмір жолы, бокстағы жетістіктері, бапкерлік қызметтегі толағай табыстары, боксшыларды дайындаудағы өзіндік әдіс-тәсілдері, жоғары дәрежелі боксшыларды физикалық, психикалық, теориялық тұрғыдан дайындаудың өзекті мәселелері ғылыми тұрғыдан талданып, қарастырылады. Әбдісалан Нұрмаханов туралы жазылған мақалалар мен кітаптар терең зерделеніп, бапкердің жаңа қырлары ашылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақытта бокстан ұлттық құраманың Олимпиада мен Азия ойындары, әлем және Азия чемпионаттарындағы жетістіктеріне жан-жақты талдау жасалады. Әбдісалан Нұрмахановпен қызмет жасаған әріптес шәкірттерінің лебіздері баяндалады. Алғаш рет еліміздегі «Дене шынықтыру және спорт» мамандарын даярлайтын 16 жоғары оқу орнының 10652 студентіне сауалнама жүргізіп, сауалнама нәтижелеріне мұқият талдау жасалып, даңқты боксшы, білікті бапкер, ғалым-педагог Әбдісалан Нұрмахановтың қазақ спортын дамытудағы баға жетпес еңбегін жас ұрпаққа насихаттау бойынша ұсыныстар жасалады.