Әртүрлі рөлдегі гандболшылардың секіру соққыларын орындау кезінде биомеханизмдерді қолдану
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_88Түйін сөздер:
жоғары білікті гандболшылар, секірудегі атулар, биомеханизмдер, кинематикалық сипаттамалар.Аннотация
Мақалада гандболдан секірудегі атуларын орындау кезіндегі биомеханикалық сипаттамалардағы өзгерістердің негізгі заңдылықтары зерттелініп және биомеханизмдер анықталды. «Orto3D қозғалыс видеосараптамасы» аппараттық-бағдарламалық кешенін қолдану нәтижесінде лақтыру техникасының сандық сипаттамалары анықталып және бірінші рет екінші және бірінші шабуыл шебіндегі гандболшылар лақтыруды орындаған кезде биомеханизмдерді қолдану бағаланды. Дене бөліктерінің сызықтық және бұрыштық сипаттамаларының өзгерістерін салыстырмалы талдау негізгі биомеханизмдерді анықтайтын биомеханикалық параметрлерді анықтауға мүмкіндік берді. Биомеханизмдерді қолдануды зерттеу нәтижелері әртүрлі рөлдегі гандболшылардың техникалық дайындығында жеке тәсілді жүзеге асыру кезінде техниканы жетілдіру құралдарын таңдауға негіз болды.