М. Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті студенттерінің үлгеріміне стресс деңгейі мен дене белсенділігінің әсері
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_110Түйін сөздер:
студенттер, медициналық университет, стресс, оқу үлгерімі, физикалық белсенділік.Аннотация
Мақалада стресс деңгейін және оның спортпен шұғылданатын және айналыспайтын екінші және үшінші курс студенттерінің үлгеріміне әсерін анықтау мақсатында жүргізілген зерттеу нәтижелері қарастырылады. Зерттеуге қатысқан барлық медицина университетінің студенттері оқу жылының басында стресстің орташа деңгейіне ие болды. Екінші сауалнама жүргізілген күзгі семестрдің соңында (2023 жылдың желтоқсанында) елеулі айырмашылықтар пайда болды. Емтихан сессиясы университеттің спорт секцияларына қатыспаған студенттердің стресс деңгейіне әсер етті. Олардың қабылданған стресс шкаласы бойынша ұпайлары орташадан жоғарыға ауысты, ал студент-спортшылар орташа деңгейде қалды. Оқу жетістіктері зерттелген көрсеткіштерге тәуелсіз болып шықты. Екі топтағы да орташа балл бірдей деңгейде қалды, соның негізінде спортшы-студенттер спортпен айналыспайтындарға қарағанда оқуын жақсы оқиды деп айтуға болмайды. Зерттеу физикалық белсенділіктің оқу және емтихан сессиялары кезінде стрессті жеңу қабілетіне оң әсерін тапты, бірақ оқу үлгерімі мүлдем басқа факторларға байланысты.