Қазіргі қазақ ұлттық идеялары тұрғысынан дене жаттығуларын әзірлеу тәсілдері

ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

Авторлары

  • Е. Ospankulov Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан
  • S. Kunai Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

DOI:

https://doi.org/10.48114

Түйін сөздер:

жалпы дамыту жаттығулары, өзбетімен орындау дағдылары, ұлттық жалпы дамыту жаттығулары, арнайы жүйе, ұлттық ақыл-ой.

Аннотация

Мақалада дене шынықтыру жаттығуларының, оның ішінде жалпы дамыту жаттығуларының біз үшін үйреншікті, дене шынықтыру пәні бойынша қалыптасқан дағды сияқты көрінетіні соншалық, оның белгі-бедерінде ата-бабамыздың ұрпақтың амандығын, саулығын, құрыштай шыныққан болуын көксеген аманаты ерекше танылды. Ал жалпы дамыту жаттығуларды арнайы жүйеге келтірген мемлекеттердің өздеріне керекті тұлғаны қалыптастыруды көздеген әлеуметтік-саяси мақсаттарын байқамыз.

Дене шынықтыру жаттығулары, оның ішінде жалпы дамыту жаттығулары, адамның еңбек, тұрмыстық, әскери  қызметтеріндегі қозғалыс пен іс-әрекет негізінде қалыптастырылғаны белгілі. Сол жүгіру, жүру, секіру, лақтыру, ауыр бұйымдарды көтеру, жүзу сияқты қозғалыс пен іс-әрекет түрлері белгілі бір шартты элементтерге айналдырылып, соңынан оларды орындаудың әдістері жинақталып, тұтас бір гимнастикалық жаттығуларының жүйесіне түсірілгені сипатталады.

Ұлттық жалпы дамыту жаттығуларының арнайы жүйесін қалыптастыру – зерттеу жұмысымыздың тікелей нысаны болмаса да, бұл ретте, балалардың ден қозғалысының, қимыл-әрекеттерінің дамуында ұлттық ақыл-ой қызметінің де орны баяндалған.

Авторлардың өмірбаяны

Е. Ospankulov, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Бастапқы әскери дайындық кафедрасының PhD докторы

S. Kunai, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан

Бастапқы әскери дайындық кафедрасының магистр, аға оқытушысы

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Жүктеулер

Жарияланды

2021-12-30

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Ospankulov Е., & Kunai, S. (2021). Қазіргі қазақ ұлттық идеялары тұрғысынан дене жаттығуларын әзірлеу тәсілдері: ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ . Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 66(4), 82–88. https://doi.org/10.48114