Көркемдік гимнастикамен шұғылданудың жас спортшы қыздардың денсаулық деңгейіне әсері

Авторлары

  • Алия Султангалиевна Жуманова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_81

Түйін сөздер:

көркемдік гимнастика, физиологиялық көрсеткіштер, жас гимнасшылар, денсаулық деңгейі.

Аннотация

Мақалада заманауи көркемдік гимнастиканың даму тенденцияларының бірі - жас гимнасшылардың жарыстық бағдарламаларының едәуір күрделенуі болып табылады, бұл өз кезегінде олардың жас кезіндегі жоғары нәтижелерге ұмтылу кезінде денсаулық деңгейіне теріс әсер етуі мүмкін. 9-14 жас аралығындағы жас гимнасшылардың соматикалық және функционалдық денсаулығының деңгейін зерттеу деректерін талдау нәтижелері олардың біліктіліктігілігін өсуімен бойларының ұзындығы, кеуде қуысының көлемі, қол күші көрсеткіштерінің айырмашылығы төмендейтінін көрсетті. Көптеген гимнастшылардың бойларының ұзындығы қалыптыдан төмен, ал салмағы аз және артық салмағы бар спортшы қыздардың үлесі жоғары. Спорттық біліктіліктің өсуімен қауіпсіз және жоғары аймаққа түскен адамдардың пайыздық көрсеткіші жүрек-қантамыр жүйесі резервтері көрсеткіштерінің төмен және орташа деңгейлерінің санының өсуіне есебінен төмендейді, күш индексі төмен адамдардың пайызы артады, спортшы қыздардың аэробты мүмкіндіктері азаяды, демек олардың денсаулық деңгейі де төмендейді.

 

Жүктеулер

Жарияланды

2024-06-14

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Жуманова, А. С. (2024). Көркемдік гимнастикамен шұғылданудың жас спортшы қыздардың денсаулық деңгейіне әсері. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 76(2), 81–87. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_2_81

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУДЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚБИОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ