Қазақстан Республикасының экологиялық этномәдени туризмін дамытудың қазіргі жағдайы мен мүмкіндігі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2021_4_41Түйін сөздер:
этнографиялық туризм, этнография, экология, экологиялық этнографиялық туризм, жаһандану.Аннотация
Мақалада этнографияның, экологияның және туризмнің екі өзекті бағытын біріктіретін қазіргі заманғы «экологиялық этнографиялық туризм» ұғымының түсіндірме формалары келтірілген. Мәдени өзіндік бірегейлікке, экологиялық қауіпсіздікке, тұрақты дамуға негізделе отырып, туризмнің бұл түрі Қазақстанда таралуының айтарлықтай жоғары мүмкіндігіне ие. Авторлар этномәдени туризм ұғымына, оның тарихи даму кезеңдеріне талдау жасады, жетекші ілімдер мен тұжырымдамалар, теориялық әдіснамалық негіздер, сондай-ақ экологиялық этномәдени туризмнің негізін құрайтын өзіндік ерекшеліктер анықталды. Этномәдени туризм туризмнің дербес түрі ретінде өзінің ресурстық әлеуетін қалыптастырып, оны экологиялық және экологиялық қауіпсіз туризм қағидаттарымен жоспарлы түрде үйлестіре отырып, осы бағыт бойынша қолда бар туристік ұсыныстарды әртараптандыруға және ішкі және келу туризмін дамытуға ықпал етуге тиіс. Жаһандану жағдайында туризмнің бұл түрі ішкі туризм кезінде өңірлік және жергілікті патриотизмді күшейтуге және шетелдік туристер арасында Қазақстан Республикасының туристік брендінің танымалдылығын арттыруға елеулі әсер етуі мүмкін. Зерттеу барысында экологиялық этнографиялық туризм үшін жаңа туристік бағыттарды дайындау талаптары қалыптастырылды, олар осы ресурстарға нұқсан келтірмей, Қазақстанның материалдық және материалдық емес табиғи, мәдени-тарихи мұрасын танымал етуге бағытталған бағыттарды әзірлеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Авторлар Қазақстан Республикасының аумағында дамыту мүмкіндігі бар өңірлерін анықтады.