Шаңғышы-жарысушылардың шекті дене жүктемесі кезінде оттегінің максималды тұтыну динамикасы

Авторлары

  • Раиса Бекембетова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Бакытбек Конакбаев Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Серикказы Маженов Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_3_65

Түйін сөздер:

шаңғы жарысы, оттегіні максималды тұтыну, тыныс алу жүйесінің функциясы , дененің жұмысқа қабілеттілігі, тереңдетілген кешенді зерттеу

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының шаңғы жарысы бойынша ұлттық құрамасының спортшылары арасындағы үш жылдық макроцикл бойынша оқу-жаттығу процесінің тиімділігінің интегралды көрсеткіштерінің бірі –оттегінің максималды шығыны (ОМТ) нәтижелері берілген.  Зертханада тереңдетілген кешенді тексеру негізінде алынған мәліметтер тыныс алу жүйесінің жеткіліксіз даму деңгейін (ӨТС, ӨИ, ӨMВ), максималды физикалық көрсеткіштердің төмен деңгейін, сондай-ақ спортшылардың аэробты және анаэробты мүмкіндіктерін көрсетеді. Алынған деректерді талдау нәтижелеріне сүйене отырып, себептердің бірі жыл сайынғы макроцикл алгоритмінде, базалық даярлық немесе төмен аэробты қуатты жаттығуларына аз көңіл бөлінуі болып табылады. Орташа, бірақ ұзақ мерзімді жұмыс кезінде тыныс алу жүйесінің қайта құрылымдалуымен қамтамасыз етілетіні белгілі, ол өкпе көлемінің өсуімен (ӨТС), альвеолалар және сәйкесінше желінің ұлғаюымен, өкпедегі капиллярлардың және тыныс алу бұлшықеттерінің төзімділігінің жоғарылауымен көрінеді. Ұзақ мерзімді аэробты жаттығулар жасушалық және жүйелік деңгейде оттегі гомеостазын реттеуде жетекші рөл атқаратын митохондриялардың көлемінің де, саның да ұлғаюына әкелетіні белгілі.

Жүктеулер

Жарияланды

2024-09-26

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Бекембетова, Р. ., Конакбаев, Б., & Маженов , С. . . (2024). Шаңғышы-жарысушылардың шекті дене жүктемесі кезінде оттегінің максималды тұтыну динамикасы. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 77(3), 65–72. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_3_65

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ