Қазақстандағы «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының өзектілігі
DOI:
https://doi.org/10.48114/2306-5540_2024_4_19Түйін сөздер:
бейімдік дене шынықтыру және спорт, мүмкіндігі шектеулі адамдар, бейімдік спорт, білім беру бағдарламасы, емдік дене шынықтыруАннотация
Мақалада, жалпы, бейімдік дене шынықтыру және спорт мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ағзасының күйін, денсаулық деңгейі мен әлеуметтік бірлестігін жетілдіруге бағытталған сала. Еліміздегі жоғары оқу орындары өз бағдарламалары мен инфрақұрылымын мүмкіндігі шектеулі студенттердің қажеттіліктеріне бейімдей отырып, оларды оқыту үшін жағдай жасауға талпынуда. «Бейімдік дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасы осы сала бойынша арнайы сабақтар өткізіп, арнайы тренажерлер мен жабдықтар алып, мамандарды қолдауды қарастырады. Бейімдік дене шынықтыру мен спорт мүмкіндігі шектеулі адамдардың денсаулығын түзетіп, әлеуметтік бірлестігін қамтамасыз етуге бағдарланған. Мұның барлығы әр адамның дене мүмкіндіктеріне қарамастан, елдің өміріне белсенді қатысуын тең мүмкіндік беретін инклюзивті қоғамның қалыптасуына ықпал етеді. Аталмыш бағдарламада бейімдік спорт және дене шынықтыру саласында жұмыс істеу үшін дағдылары мен білімі бар мамандарды тәрбиелеу қарастырылған. Бұл ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін жаттығулар мен оңалтуды жақсартатын жаңа әдістерді, тәсілдерді және технологияларды дамытуға ықпал етеді.