Болашақ эккурсоводтарды даярлауда проблемалық оқыту әдісін қолдану

Авторлары

  • Олег Лютерович Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Айгуль Агелеуова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Динара Жаксыбекова Қазақ спорт және туризм академиясы

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_25

Түйін сөздер:

экскурсия жетекшілерін дайындау, мәселелік әдіс, әдістеме, оқу міндеті, оқу тапсырмасы, экскурсия

Аннотация

Экскурсиялық жұмыс шығармашылық сипатқа ие екені күмәнсіз, ол туристермен байланыс, нысанды таныстыру үдерісі немесе жаңа бағытты дайындау болсын, экскурсоводтың кәсіби қызметінің барлық бағыттарында көрінеді. Экскурсияның өзі, философия тұрғысынан, қоршаған әлемді, объективті шындықты, адамның рухани және мәдени іс-әрекетін білу үдерісі. Экскурсия белгілі бір аудиторияны оқытуға бағытталған, бұл үдеріс оқытушы – экскурсоводтың жетекшілігімен жүзеге асырылады. Сондықтан білімді жоғары деңгейде жеткізу үшін экскурсоводтың өзі философияның негіздерін, жалпы әдіснаманы; логиканың, ойлау формалары мен заңдары туралы ғылымды; педагогика мен психологияны білуі қажет. Болашақ экскурсоводтың когнитивтік компоненті оның тұрақты танымдық қызығушылықтары мен жаңа шешімдер іздеу әдістерін білуін көздейді, ал бұл болашақ экскурсоводтың ойлауына мынадай қасиеттер тән болуы тиіс: икемділік, белсенділік, мақсаттылық, кеңдік, тереңдік, сындарлылық, айқындық, дәлелділік, ой-пікірдің логикалығы. Сондықтан экскурсоводтарды оқыту бағдарламасы олардың танымдық белсенділігін ынталандыруы, тыңдаушылардың өнімді ойлауын дамыту және ғылыми дүниетанымдарын қалыптастыру керек. Сондықтан, оқыту бағдарламасы аудитория алдында экскурсиялық өнімді әзірлеу үшін қажетті іс-әрекет тәсілдерін түсінуге көмектесетін бірқатар оқу міндеттерін қою керек.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-03-31

Дәйек сөзді қалай келтіруге болады

Лютерович, О., Агелеуова, А., & Жаксыбекова, Д. (2025). Болашақ эккурсоводтарды даярлауда проблемалық оқыту әдісін қолдану. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, 79(1), 25–33. https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_1_25

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ, СПОРТ ЖӘНЕ ТУРИЗМ САЛАСЫНДА МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУ