Адаптивті қозғалыс рекреациясы сабақтарын бағдарламалау әдістемесі

Авторлары

  • Наиля Светличная Өзбек мемлекеттік дене тәрбиесі және спорт университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_3_58

Түйін сөздер:

бейімделетін физикалық рекреация, сабақтарды бағдарламалау, интеллектуалды бұзылулар, физикалық белсенділік, кешенді тәсіл

Аннотация

Мақалада зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған бейімделген дене рекреациясы сабақтарын бағдарламалау әдістемесі жас ерекшеліктері мен психофизикалық факторларды ескере отырып ұсынылған. Жылына 260 сағатқа есептелген бағдарлама құрамына
кардиожаттығулар, түзету гимнастикасы, workout, стретчинг, боулинг, сондай-ақ теориялық
және вариативті сабақтар енгізілді. Әрбір жаттығу түріне қатысты қолдану жиілігі, ағзаға әсері,
жыл мезгілдері мен ауарайы жағдайлары бойынша ұсынымдар әзірленді. Зерттеу нәтижелері
кешенді тәсілдің тиімділігін көрсетті: қатысушылардың дене дайындығы орта есеппен 18,8 %-ға
артты (икемділік - 21,9 %, қимыл-қозғалыс үйлесімділігі - 115,6 %, күш - 12,5 %, төзімділік - 25,2 %).
Ұсынылған бағдарламаны бейімделген дене мәдениеті жүйесіне енгізу, физикалық жағдайды
жақсартуға, мотивацияны арттыруға және әлеуметтік интеграцияға ықпал ететіні анықталды.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-29