Қазақтың ұлттық ойындары арқылы 4–5 жастағы балалардың метадағдыларын дамытудағы эмпирикалық зерттеулер

Авторлары

  • Фарида Омарбекова Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Ұлбосын Қияқбаева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Бақтияр Ортаев Халықаралық туризм және меймандостық университеті
  • Сабира Алимбекова Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_38

Түйін сөздер:

ұлттық ойындар, асық ойыны, метадағдылар, мектепке дейінгі тәрбие, дене сапалары.

Аннотация

Мақалада мектепке дейінгі ұйымдарда қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану арқылы 4-5 жастағы балалардың метадағдыларын дамыту мәселесі қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі қазіргі заман адамына қажетті әмбебап қабілеттерді (сыни ойлау, коммуникация, ынтымақтастық, өзін-өзі реттеу, эмоцияны басқару) мектепке дейінгі кезеңнен қалыптастыру қажеттілігімен түсіндіріледі. Эмпирикалық зерттеу Алматы қаласы Білім басқармасының КМҚК «187 бөбекжай-балабақшасында» жүргізіліп, 40 бала қамтылды (20 бақылау тобы, 20 эксперименттік топ). Асық, Бес тас, Ханталапай сияқты ұлттық ойындарды жүйелі қолдану арқылы эксперименттік топтағы балалардың метадағдылары айтарлықтай артқаны анықталды. Ұлттық асық ойыны барысында балалардың дене сапаларының, оның ішінде: ептіліктің, жылдамдықтың, төзімділіктің, координацияның, тепе-теңдікдің де артуы қарастырылады және 4-5 жастағы балалардың дене сапалары мен метадағдыларының өзара байланысы сипатталады. Нәтижелер ұлттық ойындарды тәрбие процесіне енгізудің тиімділігін дәлелдеп, оларды оқу бағдарламасына жүйелі түрде қосу қажеттігін көрсетті.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Шығару

Бөлім

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНДА МАМАНДАР ДАЯРЛАУ