Сауалнама мен тестілеу нәтижелері бойынша жас боксшылардың жылдамдық-үйлестіру қасиеттерін дамыту критерийлерін айқындау

Авторлары

  • Рустем Ахметов Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Сауле Сыздыкова Астана медицина университеті
  • Нұржан Төлегенұлы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Сакенай Ануар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Ұлдана Шалхар Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

DOI:

https://doi.org/10.48114/2306-5540_2025_4_148

Түйін сөздер:

бокс, жас спортшылар, жылдамдық-үйлестіру қасиеттері, сауалнама, педагогикалық тестілеу, дене даярлығы, даму критерийлері.

Аннотация

Мақалада 13–14 жастағы жас боксшылардың жылдамдық-үйлестіру қасиеттерін бағалау жүйесін әзірлеуге бағытталған кешенді зерттеу нәтижелері ұсынылған. Зерттеу сауалнама мен педагогикалық тестілеу әдістерін біріктіретін интегративтік тәсілге негізделген. Жұмыс барысында 45 спортшы мен 15 жаттықтырушы-сарапшыдан сауалнама алынып, боксшылардың дене даярлығын кешенді тестілеу жүргізілді. Мәліметтерді өңдеу үшін математикалық статистика әдістері, оның ішінде орташа мәндер мен стандартты ауытқуларды есептеу тәсілдері қолданылды. Зерттеу нәтижелері дайындықтың негізгі аспектілері бойынша респонденттердің пікірлерінің жоғары үйлесімділігін көрсетті. Ең үлкен бірізділік жылдамдық пен реакцияның маңыздылығын бағалауда байқалды (σ = 1,83). Сарапшыларды сауалнама нәтижелері деректердің жоғары сенімділігін көрсетті, ал ең жоғары келісім дараландырылған тәсілдің маңыздылығына қатысты байқалды (4,5±0,7 балл). Жүргізілген кешенді талдау негізінде бағалау критерийлерінің жүйесі әзірленді, ол төрт компоненттен тұрады: мотивациялық-құндылықтық, мазмұндық-әдістемелік, диагностикалық және ұйымдастырушылық-педагогикалық. Жаттығу әсерінің тиімділігін бағалау үшін нақты сандық көрсеткіштер ұсынылды. Алынған нәтижелер жеке жаттығу бағдарламаларын жобалауға арналған ғылыми-әдістемелік негізді қамтамасыз етеді және бастапқы мамандандыру кезеңіндегі жас боксшыларды даярлау тәжірибесінде пайдалануға болады. Әзірленген критерийлер жүйесі жылдамдық-үйлестіру қасиеттерінің дамуын кешенді мониторингтеуге мүмкіндік береді және дене даярлығының объективті көрсеткіштері мен жаттығу процесіне қатысушылардың субъективті бағаларын ескереді.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-27

Шығару

Бөлім

СПОРТТЫҚ ЖАТТЫҒУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають