Алматы облысындағы ауыл туризмінің дамуы және мәселелері

Авторлары

  • Гулнара Ушкулакова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Динара Жаксыбекова Қазақ спорт және туризм академиясы
  • Алибек Шокпаров Халықаралық туризм және меймандостық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-115-121

Түйін сөздер:

ауыл туризмі, Алматы облысы, тұрақты даму, экономикалық қиындықтар, әлеуметтік кедергілер, агротуризм, туристік инфрақұрылым

Аннотация

Мақала Алматы облысының ауылдық аумақтарында кездесетін негізгі экономикалық және әлеуметтік сын-қатерлерді зерделеуге, сондай-ақ олардың орнықты даму құралы ретінде ауыл туризмінің әлеуетін талдауға арналған. Туризмнің осы бағытын дамыту ауылдық өңірлердің экономикасы мен әлеуметтік саласын нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтіледі. Қазақстандағы ауылдық туризм әлі қалыптасу сатысында тұрғанын ескере отырып, жұмыста бар кедергілерді анықтауға және оның одан әрі өсуі үшін стратегиялық бағыттарды айқындауға баса назар аударылады. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша ауыл туризмінің жаппай дамуын көріп отырмыз. Бұл ауыл туризмінің дамуына мүмкіндік беретіндігімен және оның дамуына кедергі келтіретіндігімен түсіндіріледі. Алматы облысындағы ауыл туризмінің жай-күйіне ерекше назар аудара отырып, оны шешу мәселелері мен дамуы зерттеледі.

Жүктеулер

Жарияланды

2025-06-28

Шығару

Бөлім

Әлемде және Қазақстанда туристік бизнесті дамытудың өңірлік мәселелері

Статті цього автора (авторів), які найбільше читають