Алматы облысындағы ауыл туризмінің дамуы және мәселелері
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2025-2-115-121Түйін сөздер:
ауыл туризмі, Алматы облысы, тұрақты даму, экономикалық қиындықтар, әлеуметтік кедергілер, агротуризм, туристік инфрақұрылымАннотация
Мақала Алматы облысының ауылдық аумақтарында кездесетін негізгі экономикалық және әлеуметтік сын-қатерлерді зерделеуге, сондай-ақ олардың орнықты даму құралы ретінде ауыл туризмінің әлеуетін талдауға арналған. Туризмнің осы бағытын дамыту ауылдық өңірлердің экономикасы мен әлеуметтік саласын нығайтуда маңызды рөл атқаратыны атап өтіледі. Қазақстандағы ауылдық туризм әлі қалыптасу сатысында тұрғанын ескере отырып, жұмыста бар кедергілерді анықтауға және оның одан әрі өсуі үшін стратегиялық бағыттарды айқындауға баса назар аударылады. Қазіргі уақытта біз бүкіл әлем бойынша ауыл туризмінің жаппай дамуын көріп отырмыз. Бұл ауыл туризмінің дамуына мүмкіндік беретіндігімен және оның дамуына кедергі келтіретіндігімен түсіндіріледі. Алматы облысындағы ауыл туризмінің жай-күйіне ерекше назар аудара отырып, оны шешу мәселелері мен дамуы зерттеледі.