Алматы қаласының туристік ағындарының динамикасын талдау және статистикалық болжау (2019–2025 жж.)
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-1-6-17Түйін сөздер:
туристік ағындар, туристік сұранысты болжау, қалалық туризм, туризм статистикасы, статистикалық модельдеу, туризм динамикасы, Алматы туристік дестинациясыАннотация
Мақалада 2019–2025 жылдар аралығындағы Алматы қаласының туристік ағындарының динамикасы мен даму үрдістері талданады. Зерттеудің мақсаты – ресми статистикалық деректер негізінде туристік ағындардың өзгеру заңдылықтарын анықтау және олардың орта мерзімді даму әлеуетін болжау. Зерттеу әдістемесі ретінде орташа жылдық өсім қарқыны (AAGR) және күрделі жылдық өсім қарқыны (CAGR) көрсеткіштері қолданылды. Ақпараттық база ретінде Ұлттық статистика бюросының деректері, Алматы қаласының туризм басқармасының материалдары және халықаралық зерттеулер пайдаланылды. Есептеу нәтижелері туристік ағындардың пандемиядан кейін тұрақты қалпына келу үрдісін көрсетеді. CAGR көрсеткіші бойынша туристік ағындардың орташа жылдық өсімі 11,1 % құрайды, ал 2025 жылға болжамды келушілер саны 2,5–2,6 млн адам аралығында анықталды. Зерттеу нәтижелері туристік инфрақұрылымды жоспарлау, маркетингтік стратегияларды жетілдіру және қаланың бәсекеге қабілетті туристік дестинация ретінде дамуын қамтамасыз ету үшін ғылыми негіз бола алады.