Жаһандық туристік ғылым жүйесінде ядролық туризмнің жаңа моделін қалыптастыру

Авторлары

  • Марат Молдажанов Alikhan Bokeikhan University
  • Райгүл Дүйскенова Алматы технологиялық университеті

DOI:

https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-2-84-94

Түйін сөздер:

ядролық туризм, атомдық мұра, қараңғы туризм, экзистенциалдық туризм, туристік мотивациялар, Семей ядролық сынақ полигоны, туристік дестинация

Аннотация

Мақала ядролық туризмді қараңғы туризмнің дәстүрлі парадигмасынан тыс қалыптасқан туристік зерттеулердің дербес бағыты ретінде тұжырымдауға арналған. Зерттеудің өзектілігі отандық және шетелдік ғылыми әдебиетте «ядролық туризм» ұғымының бірыңғай ғылыми негізделген анықтамасының болмауымен, сондай-ақ осы феноменге деген қоғамдық және ғылыми қызығушылықтың артуымен айқындалады. Ғылыми жарияланымдарға контент-талдау жасау, іздеу сұраныстарын талдау және сараптамалық сұхбаттар (n=5) негізінде ядролық туризм тұжырымдамасының эволюциясының негізгі кезеңдері мен оған қатысушылардың мотивациялық ұстанымдары зерттелді. Зерттеу нәтижесінде ядролық туризмнің қазіргі түсінігі қараңғы туризмнің тар ішкі түрінен экзистенциалдық, ғылыми және білім беру туризмінің элементтерін біріктіретін көпқырлы феноменге айналғаны анықталды. Зерттеу қорытындылары бойынша туристер мотивациясының бес негізгі тобы айқындалды: тарихи тартымдылық, экзистенциалдық қызығушылық, ғылыми таным, білім беру мақсаттары және туристік инфрақұрылымға қызығушылық. Авторлық тұрғыдан ядролық туризмнің анықтамасы ұсынылып, оның қазіргі туристік ғылым жүйесіндегі орнын айқындайтын тұжырымдамалық моделі қалыптастырылды. Алынған нәтижелер ядролық туризм туралы теориялық түсініктерді кеңейтіп, жаңа туристік өнімдерді әзірлеуде және туризмнің мамандандырылған түрлері саласындағы ғылыми зерттеулерде қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланды

2026-06-30

Шығару

Бөлім

Мәдени мұра және туризм: тұрақты өзара әрекеттесу мүмкіндіктері