Қазақстандағы ивент-туризмнің тарихи дамуы: кезеңдеу және негізгі формалары
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-3-75-86Түйін сөздер:
оқиғалық тәжірибелер, ивент-туризм, тарихи кезеңдеу, мәдени-бұқаралық іс-шаралар, Ұлы Жібек жолы, мәдени мұра, аумақтық имиджАннотация
Мақалада Қазақстан аумағындағы оқиғалық тәжірибелердің тарихи алғышарттары және тәуелсіздік кезеңіндегі ивент-туризмнің дамуы қарастырылады. Ерте тарихи кезеңдерге қатысты «ивент-туризм» ұғымы ретроспективті мағынада тікелей қолданылмайды; жәрмеңкелер, дипломатиялық қабылдаулар, діни рәсімдер, дәстүрлі мерекелер мен бұқаралық іс-шаралар қазіргі ивент-туризм формаларының тарихи алғышарттары мен прототиптері ретінде талданады. Зерттеуде тарихи-генетикалық, салыстырмалы-тарихи, типологиялық және жүйелік-талдамалық әдістер қолданылды. Зерттеудің хронологиялық шеңбері б.з.д. III ғасырдан 2024 жылға дейінгі кезеңді қамтиды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстандағы оқиғалық тәжірибелер мен ивент-туризмнің тарихи дамуының авторлық кезеңдеуі ұсынылып, олардың негізгі формалары жүйеленді және қоғамдық интеграция, мәдени алмасу, экономикалық өзара іс-қимыл мен аумақтық имиджді қалыптастыруға байланысты функцияларының сабақтастығы айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы Қазақстандағы оқиғалық тәжірибелер мен ивент-туризм дамуының кешенді кезеңделуін ұсынудан және әртүрлі тарихи кезеңдердегі негізгі формалары мен функцияларының трансформациясын ескере отырып, оларды типологиялық жүйелеуден тұрады.