Қоғамдық Қоғамдық тамақтандыру саласындағы халал сервистік моделін бағалау және тұтынушылық қабылдау ерекшеліктері
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2026-3-5-13Түйін сөздер:
халал-индустрия, халал-сервис, қоғамдық тамақтандыру, қызмет көрсету сапасы, тұтынушылық қабылдау, тұтынушылық адалдық, SERVQUALАннотация
Мақалада Шымкент қаласындағы «Мумтаз» мейрамханалар желісі мысалында қоғамдық тамақтандыру саласындағы халал сервистік моделіне және оны тұтынушылардың қабылдау ерекшеліктеріне баға берілген. Зерттеудің эмпирикалық негізін 100 респонденттің, оның ішінде 80 тұтынушы мен 20 мейрамхана қызметкерінің арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері құрады. Халал-сервис сапасы мен тұтынушылық адалдықты бағалау үшін SERVQUAL және Halal Service Quality тәсілдері ескеріле отырып әзірленген 5 балдық Лайкерт шкаласы қолданылды. Шкалалардың сенімділігі Кронбах альфа коэффициенті арқылы бағаланып, халал-сервис сапасын бағалау блогы бойынша 0,86, ал тұтынушылық адалдық блогы бойынша 0,82 құрады. Деректер сипаттамалық статистика әдістерімен өңделді. Зерттеу нәтижелері бойынша халал сервистік моделінің өзара байланысты үш компоненті айқындалды: институционалдық, инфрақұрылымдық және корпоративтік-этикалық. Халал-сервис көрсеткіштері арасында ресми халал-сертификаттың болуы, өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы, сондай-ақ қызметкерлердің этикасы мен қызмет көрсету сапасы ең жоғары орташа бағаларға ие болды. Алынған нәтижелер тұтынушылардың халал-сервисті бағалауында институционалдық, инфрақұрылымдық және корпоративтік-этикалық компоненттердің маңыздылығын көрсетеді.