Жетісу – Төмеңгі Новгород доғасы бойынша жәрмеңке саудасы
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2023-1-45-50Түйін сөздер:
Ұлы Жібек Жолы, жәрмеңке, сауда, өлшем, саудагерАннотация
Қазақстан мен Ресей Федерациясының туристік салада бұрыннан келе жатқан серіктестік тәжірибесі бар. Ол ғылыми байланыстарда, жоғарғы оқу орындар арасындағы академиялық ұтқырлықта және, әрине, туристермен алмасуда белсенді көрінеді. Екі ел де туризмнің жаңа трендтерін қарастырады, бұл көптеген саяхатшылардың балама турларға деген қызығушылықтарымен көрінеді. Мысалы, белгілі мемлекет қайраткерлерінің Қазақстан – Ресей қатынастарын нығайтуға қосқан үлесін, көрнекті ғалымдардың екі мемлекеттің аумағындағы географиялық және зоологиялық зерттеулерге қосқан үлесін және т. б. Елдер арасындағы сауда қатынастары бірдей қызығушылық тудырады. Бұл қарым – қатынас Ұлы Жібек Жолы дәуірінде дамыды және бүгінде қарқынды дамып келеді. Сондықтан, XIX ғасырға жататын осы процестің бір бетін ашатын осы мақала өзекті болып табылады, өйткені ол Жетісу мен Нижний Новгород арасындағы сауда өзара іс – қимылы тақырыбы бойынша турға негіз бола алады.