Кейтеринг туристік іс-шараларда көшпелі қызмет көрсетудің инновациялық моделі ретінде
DOI:
https://doi.org/10.59649/2959-5185-2024-2-6-15Түйін сөздер:
кейтеринг, инновациялық тәсіл, далалық қызмет көрсету, кейтеринг кәсіпорындары, алгоритм, ұйымдастыру құрылымыАннотация
Бұл мақалада кейтерингті дамытудың отандық тәжірибесін талдау нәтижелері бойынша туристік іс-шараларға қызмет көрсету үшін кейтерингтік компанияның инновациялық форматы әзірленді. Зерттеу барысында логикалық қорытындылар, жүйелеу әдісі, қажетті ақпаратты таңдау, оны топтастыру, жүйелік талдау, статистикалық талдау, зерттелетін көрсеткіштерді салыстыру қолданылды. Жоғары сапалы қызмет көрсетуге қол жеткізу үшін қызмет көрсетудің жаңа формалары мен әдістері, тамақ өнімдерін өндіру технологиялары қарастырылды. Қоғамдық тамақтандыру тамақ жеткізу қызметінен тартымды тамақ өнеркәсібіне айналды, жаңа қызмет көрсету форматтары пайда болды. Қазақстандағы ірі кейтеринг кәсіпорындарының қызметіне талдау жасалды. Сонымен қатар олар қиындықтарға тап болды: қызмет көрсетудің шектеулі; кейтеринг қызметін ілгерілетудің өнімсіз арналары; жаппай тұтынушы үшін артық баға; тұтыну бағасының өсуіне байланысты азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының өсуі.
Спорттық және туристік іс-шараларға қызмет көрсету жөніндегі кейтерингтік компанияның жобасы әзірленді, қызметтердің болжамды тізбесі ұсынылды, оны құрудың алгоритмі жасалды, басқарудың ұйымдық құрылымы ұсынылды. Компанияның жоғары ұтқырлығында, қызмет көрсетудің күрделілігінде, заманауи адамның тұтынушылық талғамын ескере отырып, жоғары қонақжайлылық пен қызмет көрсету атмосферасын құру, өзгерістерге дайын болу арқылы инновациалық қабілет байқалады. Авторлардың ұсыныстары кейтерингтік қызметтер нарығында бәсекелестіктің өсуіне, қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға ықпал етеді, адамдардың салауатты өмір салтына ұмтылысына, сондай-ақ осы салаға инвестициялар тартуға жауап береді.